Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі ай қарсаңында мешіт ауласы толықтай тазартылып, қоқыстар шығарылып, айналасы ретке келтірілді. Жамағаттың ұйымдасуымен өткен сенбілік барысында мешіт маңы абаттандырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалды.
Бұл шара – Рамазан айын таза ниетпен, таза ортада қарсы алудың көрінісі. Мешіт ұжымы мен жамағат осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.




