Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде жарапазан сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде «Жарапазан – рухани мұра» атты жарапазан сайысы өтті.
Шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүріміздің ажырамас бөлігі саналатын жарапазан жырын дәріптеу, жас буынның рухани тәрбиесін нығайту және Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтау. Байқауға қатысушылар бүлдіршіндер жарапазан айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға Рамазан айының құрметіне арнайы «Рамазан қорабы» үлестірілді.





