blog Images

Ар-Рахман мешітінде Мүлк сүресінен әжелер арасында жарыс өткізілді

Мұнайлы аудандық  Ар-Рахман мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен  Мүлік сүресінен әжелер арасында сайыс өтті.

Жарысқа мешіттегі белсенді әжелер қатысты. Қатысушылар өз білімдерін сынап,Құранды мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша:

1 орын – Джусибалиева Нураш

2 орын – Құлмахамбетова Сара

3 орын – Изтлеуова Жібек

4 орын – Кульчикаева Айсұлу

5 орын – Кучербаева Еркінай

Осы мәртебелі жеңімпаз апалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан басқа да апаларымызға олардың белсенділігі мен рухани ізденісі үшін алғыс хаттар табыс етілді.