Сайын Шапағатов мешітінде «Ақида негіздері»дәрісін аяқтаған шәкірттер марапатталды
Сайын Шапағатов мешітінде ұйымдастырылған «Ақида негіздері» оқу курсын толық меңгерген қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Оқу курсы барысында қатысушылар ислам сенімінің негізгі қағидаларын жан-жақты үйреніп, діни білімдерін жетілдірді. Бағдарлама аясында теологиялық негіздер, иман шарттары, Аллаға сенім мен құлшылық ережелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар, курста ислам мәдениеті мен дәстүрлері, діни этика және өмірлік мәселелер бойынша практикалық сабақтар жүргізілді.
Сертификаттарды мешіт бас имамы Арман Досанов табыстап, шәкірттерге оқу барысында көрсеткен табандылығы мен ынтасын жоғары бағалап, олардың діни сауаттылығы мен сенім негіздерін терең меңгергендерін атап өтті.



