blog Images

Рамазан қарсаңында Сүйінғара батыр мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Қарақия ауданы Жетібай ауылы Сүйінғара мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары толық жүргізілді.

Мешіттің жылу қазандығы мен тоқ көздері тексеріліп, барлық жүйелердің қауіпсіздігі мен жұмысқа жарамдылығы қадағаланды. Дәретхана жағдайы бақылауға алынып, тазалық пен гигиеналық талаптарға сай екендігі тексерілді.

Сонымен қатар, ауызашар кезінде қонақтарды қабылдайтын бөлмелер мен асханалар, ас дайындайтын бөлмелерге толықтай  тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт ұжымы қасиетті айға дайындық жұмыстарын пысықтап, жамағатқа таза әрі ыңғайлы орта жасауға бар күш-жігерін жұмсады.

Рамазан айына дайындалған бұл шаралар мешіттің рухани қызметінің сапасын арттыруға, жамағатқа жайлы әрі берекелі ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.