blog Images

Рамазан айына дайындық мақсатында Ар-Рахим мешітінде сенбілік өтті

Қасиетті Рамазан қарсаңында Мұнайшы ауылы Ар-Рахим мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мешіт ауласы мен ішкі бөліктері толықтай тазартылып, намаз залы, дәретхана және дәріс бөлмелері жуылды. Терезелер мен кілемдер тазаланып, жарық және дыбыс құралдары тексерілді. Бұл жұмыстар жамағатқа таза әрі қолайлы орта жасауға бағытталған.

Мешіт ұжымы қасиетті айды жоғары деңгейде өткізу үшін тазалық жұмыстарының маңызды екенін атап өтті. Рамазан – рухани тазару мен иманға жетелейтін ай болғандықтан, мешіттегі тазалық та осы айдың маңызды бөлігі саналады.