blog Images

Рамазан қарсаңында Төлей ишан мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Басқұдық ауылық Төлей ишан мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қасиетті ай қарсаңында мешіт ауласы толықтай тазартылып, қоқыстар шығарылды, айналасы ретке келтірілді. Ішкі бөлмелерде жалпы тазалық жасалып, намаз залы, дәретхана және дәріс бөлмелері жуылып, кілемдер қағылып, терезелер тазаланды. Сонымен қатар жарық шамдары, дыбыс құрылғылары мен жылу жүйесі тексеріліп, қажет жерлері ретке келтірілді.