Түпқараған аудандық мешіттерінің арасында ұлттық спорт түрінен сайыс өтті
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылдық мешітінде аудан мешіттерінің бас қосуы жоғары деңгейде өтті.
Берекелі шараға 100-ден астам жамағат қатысып, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті.
Шара аясында мешіт жамағаттары арасында футбол турнирі ұйымдастырылып, тартысты ойындар көпшіліктің қызығушылығын арттырды.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орын – Таушық ауылдық «Төлесін молда» мешіті
ІІ орын – Ақшұқыр ауылдық мешіті
ІІІ орын – С. Шапағатов ауылдық мешіті
Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар өтті. Атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу және кір тасын көтеру бойынша қатысушылар өз бақтарын сынады.
Шара соңында келген қонақтарға дастархан жайылып, ас берілді. Жүлделі орын иелері кубок, медаль, мақтау қағаздары және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі бастамалар жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.







