blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиында мешіт бас имамы Досанов Арман қызметкерлерге Рамазан айында қайырымдылық шараларын өткізу, мешіт ауласында ауызашар ұйымдастыру,мешітте рухани насихаттар жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, мешіттің аумағын дайындау, жамағатқа қажетті жағдай жасау және рухани іс-шараларды үйлестіру мәселелері қаралды.