Рамазан айы қарсаңында облыстық мешітте тазалық жұмыстары жүргізілді
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында мешіттің ішкі және сыртқы ауласы тазартылып, намаз залы мен дәріс бөлмелері ретке келтірілді. Сонымен қатар, терезелер жуылып, кілемдер тазаланып, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасалды.









