Оразмағанбет ахун мешітінде ұлттық құндылықтар насихатталды
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Теңге ауылдық Қосай ата мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы арнайы қатысып, дәстүрлі діни танымның маңызы мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы орны туралы насихат айтты.
Жиында салт-дәстүр мен Исламның сабақтастығы, жастар тәрбиесі және рухани тұрақтылық мәселелері кеңінен қозғалды.

