blog Images

Оразмағанбет ахун мешінде «Әке -отбасының тірегі»атты семинар өтті

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінің ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» атты тағылымды семинар өтті.

Семинар барысында Теңге ауылдық Сәби Атабайұлы мешітінің имамы Қарыапызұлы Мұхаммедназар әкенің отбасыдағы орны мен жауапкершілігі, Ислам дініндегі әкенің мәртебесі туралы насихат айтты.

Жиында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасындағы рухани тәрбие, жауапкершілік пен қамқорлық мәселелері кеңінен қозғалды.