«Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында семинар өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Рухани жиынға Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы қатысып,жиналған жамағатқа отбасылық құндылықтар, адал қоғам, бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы насихат айтты. Бас имам өз сөзінде әрбір отбасының рухани тәрбиесі – қоғамның берекесі мен тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті.
Семинарға мешіт жамағаты белсенді қатысып, діни тәрбиелік мәні бар насихат тыңдады.Қатысушыларға отбасы құндылықтарын сақтау, балаларға имандылық пен адалдықты үйрету жолдары түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы ақ дастарқан жайылды.

