«Шаңырақ»мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай спорттық сайыс өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай мешіт жамағаты мен әкелер арасында қалалық волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Бұл спорттық шара — бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі бастама болды.
Жарыстың ашылу салтанатында қалалық мешіттің бас имамы Альбетов Еркеғали Сағынбайұлы және Жаңаөзен қаласы Әкелер одағының төрағасы Болат Жанатұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар мұндай шаралар қоғамдағы татулық пен жауапкершілікті арттырып, әкелер мен жамағат арасындағы ынтымақты күшейтетінін атап өтті.
Жарысқа Жаңаөзен қаласындағы 6 мешіттің жамағаттары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жоғары дайындықпен келіп, спорттық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы:
🥇 I орын — Қызылсай мешітінің жамағаты
🥈 II орын — Қосай ата мешітінің жамағаты
🥉 III орын — Шаңырақ мешітінің жамағаты
Жеңімпаздар арнайы марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Бұл жарыс — мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар рухани тәрбие мен қоғамдық бірліктің ордасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 30 жылдық мерейтой аясындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.




