«Шаңырақ» мешітінде жылдық жұмыс жоспары талқыланды
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде дін қызметкерлерінің кеңейтілген жиналысы өткізілді.
Мешіт бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен өткен жиында мешіттің 2026 жылға арналған жылдық жоспары таныстырылып, әр бағыт бойынша жауапты қызметкерлер бекітілді. Алдағы Рамазан айына дайындық мәселесі кеңінен талқыланып, қауіпсіздік шараларын күшейту, инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылау, өрт қауіпсіздігі мен тәртіпке назар аудару тапсырылды.
Мешіт асханалары мен ауызашар дастархандарының халал талаптарын сақтау, «QMDB HALAL» сертификатының болуын қамтамасыз ету басты міндет ретінде қойылды. Сонымен қатар, қажылыққа тек ҚМДБ ұсынған ресми туроператорлар арқылы баруға шақыру және алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Жиналыста 2026 жылы отбасылық кеңес беру орталығы ашу, бір жауапты қызметкерді бекіту, сондай-ақ пітір садақасының мөлшерін 735 теңге деп белгілеу туралы шешімдер қабылданды.
Жиын соңында қасиетті айға дайындық аясында атқарылатын жұмыстар пысықталып, имамдар мен мешіт қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктелді.




