blog Images

Мұстафа(с.ғ.с)мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қасиетті Рамазан айына дайындық аясында Мұстафа (с.ғ.с) мешітінде ауқымды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Мешіттің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлының ұйытқы болуымен және демеуші жамағаттың қолдауымен бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мешіттің жылу жүйесі толықтай жаңартылып, ескі құбырлар заманауи әрі қауіпсіз құрылғылармен алмастырылды. Бұл өз кезегінде мешіт ішінің жылылығын сақтап, жамағатқа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мешіт ауласы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Мешітке баратын жол тегістеліп, жамағаттың келіп-кетуіне ыңғайлы жағдай жасалды.