Ар-Рахман мешітінде “Рамазан рухани тәрбие мектебі” семинары өтті
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рамазан рухани тәрбие мектебі» атты семинар өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға Рамазан айының парыздарын, сүннеттерін және ораза ұстаудың рухани мәнін түсіндіру болды.
Семинарға 25-30 шәкірт қатысып, Оразаның сауабы , Рамазан айының қадір-қасиеті ,имандылық әдеттер мен Рамазан айында бойдағы иманды арттыру жолдары туралы жан-жақты әңгіме жүргізілді. Қатысушылар сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңестер алды.
Шараны тәжірибелі ұстаздар Жансая Сейтимова және Рабия Абдырханова жүргізіп, қатысушыларға практикалық нұсқаулар мен рухани тәрбиелік кеңестер берді.
