Басшы Айжанақұлы мешітінде дін қызметкерлерінің жиналысы өтті
Бейнеу ауылдық “Басшы Айжанақұлы Әзірханов” мешітінде Рамазан айына дайындық шарасы өткізілді.
Мешіт діни және шаруашылық қызметкерлері мен белсенді жамағаты алдағы келе жатқан қасиетті айдағы іс-шараларды, атап айтқанда ауызашар мен жамағат намазы кезіндегі әртүрлі қауіпсіздік шаралары, мешіт тәртібі мен әдебі, жамағатпен көркем қарым-қатынас, мешіт, асхана, дәретхана және ішкі-сыртқы тазалық т. б. мәселелері ескертіліп өтілді.
Жиын соңында мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы діни қызметкерлерге ҚМДБ мен облыс имамының 2026 жылғы жұмыс жоспарлары мен тапсырмаларын таныстырды, мешіт көлеміндегі атқарылатын іс-шаралар пысықталды.
