blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы Жыңғылды мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Жыңғылды ауылдық мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Жыңғылды ауылдық мешітінің имамы Абылайхан Бекзат мешітте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар құлшылыққа қолайлы жағдай жасау, жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланды.