Сүйінғара батыр мешітінде техникалық жаңарту жұмыстары жүргізілді
Қарақия ауданы, Жетібай ауылдық Сүйінғара мешітінде азан шақыру жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар мешіт имамдарының ұсынысы мен жамағаттың демеушілігі негізінде жүзеге асырылды. Жаңарту барысында азан шақыру жүйесі толықтай тексеріліп, техникалық талаптарға сай жартылай жаңартылды.
