Жаңаөзен қаласының имамдары 2026жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
Жаңаөзен қалалық орталық Әбіш қожа мешітінде қалаға қарасты имамдарға арналған семинар өтті.
Семинар барысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, отбасылық құндылықтарды нығайту, адалдық қағидаларын насихаттау, жастарды еңбекке баулу мәселелеріне баса назар аудару қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы имамдарға уағыз-насихат жүргізу әдебін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта жауапкершілікпен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жиын соңында алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.

