Мешіт жамағаттарының бірлігін нығайтуға бағытталған футбол жарысы өтті
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешіті мен Төле Ишан мешіті арасында достық мақсаттағы футбол жарысы ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаттары арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға бағытталған спорттық шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар командалық топтар белсенділік танытты.
Ойын барысында командалар салауатты өмір салтын насихаттап, өзара сыйластық пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда мен үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталып, шара мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды.





