blog Images

ЖАНТ мүшесі мектеп оқушыларымен түсіндірмен жұмыстарын жүргізді

Жаңаөзен қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектепте  Рахат ауылы жастарына арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Рахат ауылдық  Оразмағанмет ахун Тұрмаганбетұлы мешітінің имамы  Оразбай Түркменбайұлы жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік құндылықтарының маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.