Мектеп оқушылары арасында облыстық білім сайысы өтті
Маңғыстау облыстық Қ. Сыдиықов атындағы кітапханасы және Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабынан «Артық білім-кітапта»облыстық оқу байқауы өтті.
Білімге құштарлықты дамытуға бағытталған сайысқа Ақтау қаласы, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы аудандарынан келген мектеп оқушылары қатысып, өз білімдерін сынға салды.
Шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, Әбіш Кекілбайұлының ел руханиятындағы орнына тоқталып, жас ұрпақты білімге, кітап оқуға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге шақырды. Сонымен қатар, мұндай танымдық шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Байқау соңында жеңімпаз атанған оқушыларға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды .
Білім сайысына қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық кітапхана ұжымына және қажылар қауымдастығына Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің атынан үлкен алғыс білдіреміз!















