Қосай ата мешітінде жамағатпен рухани жиын өтті
Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде жамағатпен рухани жиын ұйымдастырылды.
Жиынға Түпқараған аудандық мешіті мен Сайын Шапағат ауылдық мешітінің имамдары мен жамағаттары арнайы қатысты. Рухани жиын барысында Қосай ата мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы бауырластық пен бірліктің маңыздылығына тоқталып, асыл дініміздің Құран аяттары мен хадистеріне сүйене отырып насихат жүргізді. Имам жамағатқа күнделікті өмірде жақсы мінез-құлықты сақтау, бір-біріне ізгілік жасау және жамағат ішінде өзара сыйластықты нығайту жайында ой қозғады.
Шара соңында «IQRO» QUIZ сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, рухани кездесулердің жастар мен жамағат арасындағы білім мен ізгілікке деген қызығушылықты арттыратыны атап өтілді.





