blog Images

Қосай ата мешітінде ҚМДБ бағыттары насихатталды

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде   ҚМДБ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бағдарлық баяндамасын насихаттау жиыны өтті.

Мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы жамағатқа биылғы жылға арналған іс-шаралар мен бағыттарды кеңінен түсіндірді. Мешіт бас имамы  өз сөзінде «Ислам және адал қоғам» жылының маңызына тоқталып, мешіт қызметкерлері мен жамағатқа атқарылатын нақты іс-шараларды атап өтті.