Шопан ата мешітінде жылдық жұмыс жоспары талқыланды
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтау қалалық Шопан ата мешітінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.
Жиынға мешіт қызметкерлері толық құрамда қатысты. Мешіт бас имамы Құрманбек Лашкарбекұлы ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып, әр бағыттағы жоспарларды түсіндірді. Сондай-ақ,мешіт қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.







