blog Images

«Шаңырақ»мешітінің ұстазына үлкен қажылыққа жолдама берілді

Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ» мешітінің ұстазы, қари Асқар Набатбаевқа «Hickmet Travel»ұжымының ұйытқы болуымен үлкен қажылыққа жолдама табысталды.

Асқар Сандыбайұлы – ұзақ жылдар бойы мешітте ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан білікті қари. Осы уақыт ішінде 20-ға жуық шәкірт тәрбиелеп, Құран ілімі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жамағат арасында белсенді, діни қызметке тұрақты түрде атсалысып жүрген, елге сыйлы азамат ретінде танылған.

Отбасында береке-бірлік орнаған ұстаз төрт баланың әкесі, сонымен қатар ерекше баланы асырап, қамқорлық жасап отырған жауапкершілігі мол әке.

Аталған игі бастамаға байланысты Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы Hickmet Travel   бас директоры Мүсіл Саиба Асқарқызына  және турагенттік ұжымына ерекше алғыс білдірді. Бас имам өз сөзінде бұл жоба діни қызметкерлерге көрсетілген үлкен құрмет пен нақты қолдау екенін атап өтті.