Маңғыстау ауданының бас имамы Ұштаған ауыл тұрғындарымен кездесті
Қасиетті Рамазан айының жақындауына байланысты Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Ұштаған ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Оразаның артықшылықтары мен пайдасы, сондай-ақ ораза ұстаудың рухани мәні мен қоғамдағы орны жайлы насихат айтылды.
Имам тұрғындарды Рамазан айында ізгі амалдар жасауға, қайырымдылықты арттыруға және отбасы мен қоғамдағы үйлесімділікті сақтауға шақырды.

