blog Images

«Ихсан және насихат» бағыты аясында имамдарға арналған семинар өтті

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық мешітінде «Ихсан және насихат» бағыты бойынша семинар өтті.

Семинарға облыс аумағындағы мешіттердің бас имамдары қатысты. Басқосуда дін қызметкерлерінің рухани жауапкершілігін арттыру, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу және қоғаммен байланыс мәдениетін нығайту мәселелері қозғалды.

Жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Ихсан және насихат» бағыты аясында биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, имамдарға нақты бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, уағыз-насихатта көркем мінезді, сабыр мен даналықты негізге алу қажеттігін атап өтті.