Әль -Хаким мешітінде жамағатқа Пәтуа сағаты өтті
Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде жамағатқа пәтуа сағаты өтті.
Шара барысында Облыстық Бекет ата мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы жамағатпен жүздесіп, діни мәселелер бойынша пәтуа сағатын өткізді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға ҚМДБ пәтуалары негізінде нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер кеңінен түсіндірілді.
