Мұстафа (с.ғ.с)мешітінде Рамазан айына дайындық жиыны өтті
Қызылтөбе ауылдық Мұстафа мешітінде құптан намазынан кейін жамағатпен Рамазан айына дайындық жиыны өткізілді.
Рухани жиын барысында мешіт бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті,ауызбіршілік турасында насихат айтты.
Жиынға Ақтау қалалық Шопан ата мешітінің наиб имамы Муталиев Айдос қатысып, жамағатқа қасиетті Рамазан айының рухани маңызы, оразаның адам тәрбиесіндегі орны, сабыр мен тақуалықтың мәні жөнінде уағыз-насихат жүргізді.



