blog Images

Баянды ауылдық мешітінде Рамазан айына дайындық жиыны өтті

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Баянды ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатының айлық отырысы өтті.

Аталған жиынға Ар-Рахман мешітінің наиб имамы Мұратқали Нұржауұлы арнайы шақырылып, жамағатпен рухани кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мұратқали Нұржауұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиет сөздеріне тоқталып, мұсылмандар арасындағы өзара сенімділік, ынтымақ пен бірлікте адал болудың маңызы жайында тағылымды уағыз айтты. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған көкейдегі сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Жиын соңында Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлы келген қонаққа алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ кезекті отырысты пайдалана отырып, жамағатпен алда келе жатқан қасиетті Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жөнінде кеңесіп, ортақ пікір алмасты.