Келімберді ахун мешітінде 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылы Келімберді ахун мешітінде қасиетті Шағбан айының құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 15 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Шараның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, жамағат арасында мейірім мен бауырмалдықты арттыру, ислам дініндегі қайырымдылық құндылықтарын насихаттау.
Мешіт ұжымы мен жамағат тарапынан ұйымдастырылған бұл игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді.

