blog Images

Баянды ауылдық мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті

Баянды ауылдық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясынба  мешіт жамағаты арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің исламдағы орнын түсіндіру, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Білім сайысы  барысында қатысушыларға дін, дәстүр және рухани тәрбиеге қатысты сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан жамағатқа ҚМДБ MUFTIYAT баспасынан шыққан кітаптар сыйға берілді.