blog Images

«Ерғазы Ет»дүкені ҚМДБ Халал сертификатына ие болды

Ақтау қаласындағы Ерғазы ет дүкеніне ҚМДБ  Халал Даму бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Іздібай Бегенұлы ресми халал сертификатын табыстады.

Салтанатты шара барысында Іздібай Бегенұлы халал талаптарын сақтау мұсылман қауымы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халал стандарттарының тек өнімнің адалдығын ғана емес, сонымен қатар санитарлық тазалықты, жауапкершілікті және тұтынушыға деген сенімді нығайтуын жеткізді.

Ерғазы ет дүкенінің басшылығы көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен халал талаптарын қатаң сақтап, тұрғындарға сапалы әрі адал өнім ұсынуды жалғастыратынын айтты.