blog Images

Сайын Шапағатов ауылында «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өтті

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің имамы Досанов Арман  Сайын Шапағатов ауылдық мектеп оқушыларымен «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында  мешіт имамы оқушыларға діни сауаттылықты арттыру, сенімді ақпарат көздеріне сүйену және жат діни ағымдардың алдын алу жолдары туралы түсінік берді. Сондай-ақ жастарға дұрыс дүниетану мен қоғамдағы жауапкершілік мәселелері жөнінде насихат айтылды.