Ар-Рахман мешітінде әйел-қыздар арасында білім сайысы өтті
Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінде әйел-қыздар арасында Тәджуид ережелері бойынша білім сайысы ұйымдастырылды.
Білім сайысына шамамен 15 шәкірт қатысып, жақсы нәтиже көрсеткендерге сертификаттар табысталды.
Іс-шараны мешіт ұстаздары Сейтимова Жансая және Абдырханова Рабия жүргізді. Шәкірттердің белсенділігі мен білімге қызығушылығы ерекше атап өтілді.



