«Ислам және адал қоғам» жылы: Облыстық мешітте рухани-тәрбиелік жиын өтті
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы жамағатқа тағылымды насихат айтты.
Кездесу аясында ұстаз«Адал қоғам құру – әуелі өзіңді түзетуден басталады» тақырыбында баяндама жасап, адалдық, жауапкершілік және жеке тұлғаның қоғам алдындағы міндеттері жөнінде кеңінен тоқталды.



