Облыстық мешітте жат ағымның алдын алу бағытында насихат айтылды
Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Жиын барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы діни жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізді.
Кездесу аясында Қажымұқан Далубайұлы «Білімді жамағат – жат ағымның жетегінде кетпейді»тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, сенімді дереккөздерден білім алуға шақырды.



