blog Images

Облыстық мешітте«Уақып-үзілмейтін сауап»тақырыбында рухани насихат айтылды

Маңғыстау облыстық  орталық «Бекет ата» мешітінде жамағат қатысуымен дәстүрлі айлық отырыс ұйымдастырылды.
Басқосу барысында мешіт жамағатына рухани тағылым беріліп, діни мәселелер кеңінен сөз болды.

Жиын аясында облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы«Уақып – үзілмейтін садақа» тақырыбында насихат айтып, уақыптың исламдағы орны мен қоғамға тигізер пайдасы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ уақып арқылы жасалатын игі істердің сауабы үзілмейтіні, бұл амалдың қоғамға қызмет етудегі маңызы атап өтілді.