«ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ»ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН АЛҒАШҚЫ АЙЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жамағат отырысының алғашқы жиыны өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және адал қоғам» бастамасы аясында қоғамда, жамағат арасында және қызмет саласында адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын жүйелі түрде нығайтуды көздейді.
Жиын барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дәулетайұлы зікірдің мәні мен маңызы жайында уағыз-насихат айтып, жамағатты рухани тазалыққа үндеді.
Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы ислам ғалымдарының өмірбаяны мен өнегелі жолы туралы тағылымды баяндама жасады.
Ал, облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өңірде атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, жамағатты бірлесе жұмыс істеуге шақырды.






