blog Images

«СЫРҒА ТОЛЫ РАМАЗАН»ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙМЫЗ !

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, “Сырға толы – Рамазан ”тақырыбындағы көркем шығармалар байқауының өткізілу ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже “Сырға толы – Рамазан” тақырыбындағы көркем шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау қасиетті Рамазан айының рухани-адамгершілік мәнін насихаттауға, мейірім, қайырымдылық, сабыр, кешірім секілді ізгі құндылықтарды көркем сөз арқылы дәріптеуге бағытталған.
1.3. Байқау ашық түрде өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:
– Рамазан айының рухани мәнін көркем шығармалар арқылы терең ашу;
– Қоғамда мейірім мен адамгершілік құндылықтарды нығайту;
– Жас қаламгерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Міндеттері:
– Көркем ойлау мен әдеби тіл мәдениетін қалыптастыру;
– Қаламгерлерді ұлттық және рухани тақырыптарға қалам тербеуге ынталандыру;
– Үздік шығармаларды анықтап, насихаттау.

3. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға (жас ерекшелігіне шектеусіз) барлық ниет білдіруші қатыса алады.
3.2. Әр қатысушы байқауға бір ғана шығарма ұсына алады.

4. Байқау талаптары

4.1. Шығарма тақырыбы: “Сырға толы – Рамазан”.
4.2. Шығармалар келесі жанрларда қабылданады:
– әңгіме;
– эссе;
– новелла;
– көркем почерк.
4.3. Шығарма көлемі – 2–5 бет (А4 форматы, 14 кегль, Times New Roman, жоларалық интервал – 1,5).
4.4. Шығармалар бұрын жарияланбаған, авторлық құқық талаптарына сай болуы тиіс.
4.5. Плагиат анықталған жағдайда шығарма байқаудан шеттетіледі.

5. Бағалау критерийлері

5.1. Шығармалар келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
– тақырыптың ашылу деңгейі;
– идеяның тереңдігі мен мазмұны;
– көркемдік тіл, стиль, шеберлік;
– авторлық ойдың ерекшелігі;
– сауаттылық.

6. Байқау мерзімі мен тәртібі

6.1. Байқау 15 қаңтар мен 15 ақпан 2026 жылға дейін өткізіледі.
6.2. Шығармалар электронды түрде beketata@list.ru электрондық поштасына қабылданады.
6.3. Қатысушының аты-жөні, байланыс нөмірі және қысқаша өмірбаяны (3–4 сөйлем) қоса жіберілуі тиіс.

7. Қорытындылау және марапаттау

7.1. Байқау қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталады.
7.2. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталады.
7.3. Үздік шығармалар жинаққа немесе ақпараттық ресурстарда жариялануы мүмкін.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.
8.2. Ұйымдастыру комитеті осы ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады