ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қарақия аудандық орталық мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа «Мұсылманның мұраты – көркем мінез» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жұма намазынан кейін бас имам ауданға қарасты Маңғыстау ауылындағы намазхананың тыныс-тіршілігімен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында ауыл халқының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, діни мәселелер төңірегінде пайдалы әңгіме өрбіді.






