Ақшұқыр ауылдық мешітінде Құранды жатқа оқудан сайыс өтті
Түпқараған ауданы, “Ақшұқыр” ауылдық мешітінде ерлер арасында Қасиетті Құранның 29–30 парасын жатқа оқу бойынша сайыс ұйымдастырылды.
Құран сайысы марқұм Орынбайұлы Серіктің рухына бағышталды.Жарыстың ашылу салтанатында Түпқараған аудандық мешітінің бас имамы Бежен Серікболат құттықтау сөз сөйлеп, Құран жаттаудың сауабы мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Ғабит Абдуғаппарұлы насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс барысында РАНТ мүшесі, “Ар Рахман” мешітінің бас имамы Асга Юнус Қадырқұлұлы әділқазылық жасап, Қасиетті Құранның қадір-қасиеті жайында тағылымды насихат жүргізді.
Жарыс қорытындысы:
І орын – Омар Нұрислам
ІІ орын – Азаматұлы Айшуақ
ІІІ орын – Нұр Дастан
Арнайы номинациялар бойынша:
«Ең жас қатысушы» – 9 жасар Берікұлы МұхаммедӘмин
«Ең әуезді дауыс» – Ағаділ Ерасыл
«Ең үздік тәжуид» – Хадырқұл Мақсым
Шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табысталды. Бұл игі бастама Құранға деген құрметті арттырып, жастардың діни білімге деген ынтасын нығайтты.




