blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітіне жаңа дін қызметкерлері тағайындалды

Қасиетті жұма күні Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылдық мешітіне жаңа дін қызметкерлері тағайындалды.

Ақшұқыр ауылдық мешітінің  бас имамы қызметіне  Ғабит Әбдіғаппарұлы, ал наиб имам қызметіне Кожасте Хафез Мусаұлы тағайындалды.

Айта кетейік,  Ғабит Әбдіғаппарұлы бұған дейін Ақтау қалалық Ержан хазірет  мешітінде 4 жылға жуық уақыт наиб имам қызметін абыроймен атқарған.

Тағайындау рәсімін Түпқараған ауданының бас имамы Бежен Серікболат жүргізіп,жұма намазы кезінде «Мұсылманның мұраты – көркем мінез» тақырыбында уағыз айтып, жамағатқа жаңа имам мен наиб имамның тағайындалуы туралы ресми бұйрықты оқып таныстырды.

Жамағат тарапынан жаңа тағайындалған дін қызметкерлеріне ізгі тілектер айтылып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.