«Шаңырақ»мешітінің қызметкерлеріне арналған жиналыс өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің 30 жылдық мерейтойы аясында мешіт қызметкерлеріне арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыс мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында алдағы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру, жоспарланған жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ мешіт қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қызметкерлердің міндеттері нақтыланып, ортақ жауапкершілік пен бірліктің маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс қорытындысында 30 жылдық мерейтойды жоғары деңгейде өткізу мақсатында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар бекітілді.

