blog Images

Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара өтті.

Шара аясында балалар «Маңғыстау» сауда үйіндегі ойын-сауық орталығына барып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын бағдарламалар өткізілді. Сондай-ақ балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, ақ дастархан жайылды.

Мерекелік жиында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңызына тоқталып, балалардың амандығы мен жарқын болашағы үшін дұға жасады.