Ар-Рахим мешітінде Тәуелсіздік күніне орай рухани жиын өтті
Мұнайшы ауылдық Ар-Рахим мешітінде жамағаттың қатысуымен дәстүрлі айлық отырыс ұйымдастырылды.
Шара құптан намазынан кейін өтті.Жиын барысында желтоқсан айында Тәуелсіздік жолында жанын қиған марқұмдар рухына Құран хатым бағышталды. Жиналған жамағат ел тәуелсіздігі үшін дұға жасап, өткен ерлердің рухына тағзым етті.
Дұға барысында еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, көк байрағымыздың биікте желбіреуі, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бірлігіміздің бекем, болашағымыздың жарқын болуы тілеп дұға етілді.

