blog Images

Ар-Рахман мешітінде «Құран әріптерінің махражы» сайысы өтті

Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінің әйел-қыздар секторында «Құран әріптерінің махражы» тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Шара барысында шәкірттер Құран әріптерін дұрыс әрі анық шығару бойынша өзара білімдерін сынады. Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, «Зерек» және «Каусар» топтары өзара бақ сынасты.

Білім додасының қорытындысы бойынша «Каусар» тобы үздік деп танылып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз топ арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сайысты әйел-қыздар секторының ұстазы Сейтимова Жансая жүргізіп, қатысушылардың Құран оқып білімді  жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Мұндай рухани-танымдық шаралар шәкірттердің діни білімін арттыруға зор үлес қосатыны айтылды.